Өмірбаян
Сарсенбаева Камила Аманбайқызы, 1966 жылы 21 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылқұм, қазіргі ауданы Ынталы ауылында дүниеге келдім. Ұлтым-қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1975-1978 жылдары Ынталы бастауыш, 1979-1985 жылдары Жамбыл атындағы орта мектебінде білім алдым. 1985 жылы Абай атындағы Қазақ Педагогикалық институтының физика-математика факультетіне түсіп, 1990 жылы физика-информатика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша біріп шықтым.
Мектеп қабырғасында 8-сыныптан мектеп комсомол ұйымының секретары, 1982-1985 жылдары аудандық комсомол комитетінің бюре мүшесі, институт қабырғасында жүргенде кәсіподақ ұймының төрайымы міндеттерін атқардым.
Еңбек жолымды 1990 жылы Алматы облысы Балқаш ауданы Ақкөл ауылындағы «Ақкөл орта мектебінде» физика пәнінің мұғалімі болып бастадым.
1996-1999 жылдары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 2000 -2013 жылдары аралығында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары міндеттерін атқардым. 2013 жылдың тамыз айынан бастап осы мектеп директорының қызметін атқарамын.
1989 жылы Алматы облысының Балқаш ауданы Ақкөл аулының тұрғыны Турушов Қуатбекпен тұрмыс құрдым. Жолдасым 1966 жылы 28 шілдеде осы ауылда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Қазіргі таңда Ақкөл орта мектебінің «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің мұғалімі. Отбасымызда екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, өсіріп отырмыз.
Үлкеніміз ұл, Ақылтаев Қанатбек Қуатбекұлы 1990 жылы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Автоматика және телекомуникация институтының элетр энергетикасы факултетінің электр энергетигі мамандығы бойынша бітірген. Бүгінгі таңда «Алатау Жарық Компаниясында» қызмет атқарады.
Қызым Ақылтаева Мадина Қуатбекқызы 1992 жылы 06 наурызда Ақкөл ауылында дүниеге келген. Ақкөл орта мектебін «Алтын белгіге бітіріп», Әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің Экономика және бизнес жоғарғы мектебін есепші және аудит мамандығы бойынша қызыл дипломмен бітірген. Тұрмыста, бір қызы бар, қазіргі таңда бала күту демалысында.
Екінші қызым, Қуатбекқызы Гүлдана 1993 жылы 12 қарашада Алматы қаласында туылған. Ақкөл орта мектебін «Алтын белгіге бітіріп», Әль-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің Заң факультетін Құқықтану мамандығы бойынша бакалавр және осы оқу орнында Заң ғылымдарының магистірі дәрежесін алды. Қазіргі кезде «Мемсараптама» РМК-ның Алматы қаласындағы филиалының бас маманы болып жұмыс жасайды. Тұрмыста бір қызы бар.
Кіші ұлым Съезбек Айсолтан 2000 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ақкөл орта мектебін «Үздік аттестатқа» бітіріп, «Нархоз университеті» Комерциялық есем акционерлік қоғамы оқу орынының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры дәрежесі алды. Қазіргі таңда Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің Құқықтану мамандығының магистранты.
31 жылғы еңбек өтіліміндегі жетістіктерім:
1) Халықаралық, респбликалық және облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жарық көрген ғылыми мақалалар тізімі:
1. Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журнал «Есептеу және физика заңдылықтары» «Қатынас ыдыстар» 2018жыл.
2. Республикалық педагогикалық ғылыми әдістемелік журнал «Есептеу және физика заңдылықтары» «Заттың агрегаттық күйлері, ерекшеліктері. Балқу және қатаю» 2017 жыл.
3. Еларалық Атамекен -Ай журналында «ХХІ ғасыр –ғылыммен білімнің ғасыры», «Оқушы қызметін ұйымдастыруда ақпараттық коммуникациялық техналогияларды пайдалану жолдары» тақырыптарында мақалалар. 2017 жыл.
4. Білім порталына әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін «Құрмет грамотасы» 2017 жыл.
5. «Работа с творчески одаренными детьми по развитию навыков научно-исследовательской деятельности в рамках Малой Академии наук РК» 2016жыл.
6. Халықаралық «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен дифференциация» конференция «ШЖМ мұғалім қызметінің ерекшеліктері» 2016 жыл.
7. Аудандық «Балқаш өңірі» газетінде «Білімді ұрпақ-ел ертеңі» 2016 жыл.
8. Облыстық ҚР КҒА 25-ғылыми –тәжірибелік конференция. 2016 жыл.
9. Облыстық «Тірек мектептер: қалыптасуы, жаңашылдығы, келешегі» тақырыбында өткен Республикалық семинарда тәжірибе таратқан. 2014 жыл.
10. Облыстық «Құзіреттілік –шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негізі» «Оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру» 2014 жыл.
11. Облыстық ҚР КҒА 22-ғылыми –тәжірибелік конференция. 2013 жыл
12. «Физика және астрономия» 7-сыныпқа араналған әдістемелік құрал. 2008 жыл
13. «Мектеп информатикасы, бүгін, ертең» Облыстық ғылыми конференция жинағы. 2008 жыл. «Интерактивті техналогия, педагогтардың шеберлігі және шығармашылығы»
14. Облыстық «Ақпараттық технологияны қолдану іс- тәжірибесі» жинағы»
«Алтын ұя-Ақкөлім» «Мұғалім-мектептің жүрегі» 2006 жыл.
15. «ХХІ ғасыр мұғалімі» Панорамалық сайыс сабағы «Қысым» тарауын қайталау сабағы.
16. «Атамекен» еларалық журнал 2010 жыл. «Физика пәнін оқытуда педагогикалық техналогияларды пайдалану жолдары.
17. «Мектепішілік әдістемелік кеңесті ұйымдастыру құзіретті білім беру сапасын арттырудың негізгі жолы».
18. «Ұстаздық қылған жалықпас» Ібөлім 2006 жыл. «Физика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық техналогияларды пайдалану жолдары»
19. «Физика в Казакстане» №1 2006 жыл. «Физика сөзжұмбағы»
20. «Ізгілік» «Есеп шот пен компьютер айтысы».
21. ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі даму болашағы І том 2006 жыл. «Қазақ мектебінде сапалы білім беруді қамтамасыз ету проблемалары және оны шешу жолдары» .
2) Біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар тізімі
1. «НЗМ» ДББҰ «ПШО» жекеменшік мекемесі әзірлеген «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» 2020 жыл.
2. «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» 2020 жыл.
3. ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Физика» пәні бойынша біліктілігін арттыру . Талдықорған, 2018 жыл
4. «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен дифференциация» 2016 жыл.
5. «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курсы. Алматы, 2016 жыл.
6. «Біліктілікті арттырудың альтернативті техналогиясы» 2015жыл.
3) Сертификаттар және марапаттар мен дипломдар тізімі:
1. Ы.Алтынсарин төс белгісі 2006жыл
2. Республикалық «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбындағы байқау «Алғыс хат» 2016 жыл.
3. Облыстық ҚР КҒА 25-ғылыми –тәжірибелік конференция. Алғыс хат, 2016жыл.
4. Аудандық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» «Құрмет грамотасы» 2016жыл.
5. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша «Алғыс хат». 2016 жыл
6. Аудандық «Үздік мектеп директоры» байқауының І орын иегері «Құрмет грамотасы» 2015 жыл.
7. Облыстық «ХХІ ғасыр мұғалімі» ІІІ орын дипломы 2010 жыл
8. Аудан әкімінің Алғыс хаты 2010 жыл.
9. Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хаты 2009 жыл
10. ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы «Алғыс хаты» 2009 жыл.
11. Тәуелсіз еліміздің кемел келешегін баянды ету мақсатында ҚР ҰҒА академиясының «Алғыс хаты».
12. Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетенің ректорының» Алғыс хаты.